Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздары ауданымызға табан тіреп, ұлттық құндылықтан шашу шашты.
Қатарында елге танымал өнерпаздары бар құрам аудандық мәдени-демалыс орталығының сахнасында өнер көрсетті. «Елге сәлем» деп аталған концерттік бағдарлама «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған. Кеш барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева қонақтарға ризашылығын білдірді.
- Өнер – халық қазынасы. Өнермен сусындаған сіздің бойыңызда ұлттық дәстүрдің ізі жатыр десек қателеспейміз. Дәстүрді дәріптеу барысында атқарып жүрген жұмыстарыңызға береке мен сәттілік тілейміз. Мына отырған көпшілікке жай көңіл-күй емес, үлкен рухани азық сыйлап бара жатырсыздар,- деген Люция Әсетқызы аудан әкімінің алғыс хаты мен ықылас гүлін табыс етті.
Әсем СЕРІК